Сыр елінің спорттағы мақтаныштарының бірі – Мөлдір Жаңбырбай. Бұған дейін байрақты бәсекелерде топ жарған ару жуырда тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.

Нақтыласақ, 8-10 қараша күндері Ресейдің Мәскеу қаласында өткен каратэден ересектер арасында халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, алтын медальға ие болды. Ол 50 келі салмақ дәрежесінде сауатты өнер көрсетіп, қарсылас шақ келтірмеді.

– Кез келген спортшының алға қойған мақсаты болады және сол жолда аянбай еңбек етеді. Менің де келешекке көз тастаған жоспарларым бар. Шүкір барлығы ретімен келе жатыр. Алда талай дода күтіп тұр. Барлығы тыңғылықты жаттығуды талап етеді. Сондықтан үнемі бабымда болуға тырысамын. Бапкерім – Нұржан Ақпанбетке шынайы алғысымды білдіремін, – дейді спортышы ару.

Айта кетейік, 2023 жылы дәл осы турнирде Мөлдір Жаңбырбай ІІ ші орынға ие болып, күміс медаль жеңіп алған болатын.

Нұр БАҚЫТ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!