18-22 желтоқсан күндері Алматы қаласында WKF каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қызылорда облысының намысын Мөлдір Жаңбырбай қорғап жатыр.

Мөлдір Жаңбырбай чемпионаттағы алғашқы қарсыласы Тайвань елінің қызын 2:0 есебімен жеңсе, екінші жекпе-жегінде Тайланд елінің каратэшісін 9:2 есебімен және 3 жекпе-жегінде Иран елінің қызын 7:5 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа шықты.

Ертең жергілікті уақытпен сағат 12:00-де Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен Мөлдірдің Филлипин қызымен шығатын жекпе-жегін тамашалай аласыздар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!