Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен тізе бүктіріп (11-3), сенсация жасаған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық спортшы, каратэ шебері Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол финалда Италия спортшысын жеңді. Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен тізе бүктіріп (11-3), сенсация жасаған.

Осылайша, ол тарихта тұңғыш рет әлем біріншілігінде топ жарды. Бұған дейін ересектер арасында бізден WKF каратэден әлем чемпионы шықпаған. Жастар, жасөспірімдер санатында жеңімпаздар бар.

Мөлдір Жаңбырбай жуырда ғана Азия ойындарынан елге күміс жүлдемен оралған.

Ал Қайсар Алпысбай (60 келі) күміс жүлдеге ие болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!