Фото: ҚР ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК ақпаратынша, екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) алды.

Айта кетелік, бұған дейін Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алған.

Бұған дейін қазақстандық Жәмила Бақбергенованың осы күндері Тиранада (Албания) өтіп жатқан әйелдер күресінен олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған болатын. Жартылай финалда 72 келіге дейінгі салмақтағы спортшы моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен татамиге шықты. Бақбергенова жекпе-жекте 8:6 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалисі атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!