Фото: Qazathletics.kz

KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден жабық кешендегі Азия чемпионатында күміс медальына қол жеткізді.

Құрлықтық дода Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр.

Оның нәтижесі 1.87 метрді көрсетті.Алтын медаль Өзбекстан спортшысына бұйырса, үндістандық атлет күміс жүлдеге қол жеткізді.

Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Қытайдың Семей қаласында дүниеге келген. 2022 жылы жабық ғимараттағы әлем чемпионатында қола алса, 2018, 2023 жылы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ 2019 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер болса, жабық ғимараттағы Азия чемпионатында 2023 жылы алтын, 2018 жылы қола жүлдегер атанды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!