Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда оның қарсыласы үндістандық Минакши Минакши болды.
Қызайбай төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұған дейін, жартылай финалда ол жапониялық Хикару Шинохараны жеңген болатын.

Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!