Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр.

3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай 1/2 финалда Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен кездесті. 3 раундқа жалғасқан айқаста отандасымыз өз шеберлігін кезекті мәрте паш етті. Есеп: 4:1.

Осылайша Назым Қызайбай өз мансабында төртінші мәрте финалға шықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!