KAZINFORM – Қазақстандық боксшы (48 келі) финалда үндістандық Минакши Минакшиді есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз 4 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Назым Қызайбайдың бүгін туған күні. Әлемнің үш дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері 32 жасқа толды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!