Журналист әлеуметтік желіде әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Назым Қызайбайдың «аяғынан шалды» деп, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.
Алайда финалда шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Назым Қызайбай үндістандық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіде төрешілердің әділдігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, түрік төреші Давут Канунни барлық раундта Қызайбайға тоғыз балл қойып, алтын жүлдеден айырған. Сондай-ақ ол Айбек Оралбайдың жекпе-жегінде де дәл осындай баға бергенін атап өтті.
«Назым Қызайбайды ұтып тұрған жерінен барлық раундта тоғыз баллдан қойып, алтын жүлдесінен айырған түрік төреші осы. Аты-жөні – Davut Kanuni. Артынша Айбек Оралбайға да барлық раундқа тоғыз балл қойды. Инста аккаунты жоқ екен. Десе де осылай суретін салып қояйын. Білсін, қазақ елі бұндай қастандықты ұмытпайтынын. Түбі кездесеміз! Бетіне басамыз!», – деп жазды ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!