Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Нұрасыл Тілектесов Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен ересектер арасындағы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды.
Ол спортпен 6 жасынан бері кәсіби тұрғыда айналысып келеді. Бұл оның тынымсыз еңбегінің, табандылығының және жоғары дайындық деңгейінің нәтижесі.
Айта кетейік, дүбірлі додаға 46 елден 429 спортшы қатысты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 14 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!