фото: aiqyn.kz

Хабаровскіде  өтіп жатқан турнирде Нұрлан Сапарбай чемпион атанды. Боксшы 92 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен еді, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Ресейде өтіп жатқан Коротков турнирінің финалында (92+ кг) жергілікті Орудж Мамедовті 5:0 есебімен жеңді. 

Еске сала кетсек, осыған дейін боксшы Сәкен Бибосынов чемпион, ал Сағындық Тоғамбай күміс жүрдегер атанған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!