Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановпен кездесті. Басқосуда Сыр еліндегі бұқара спортты дамыту, оның ішінде күрес спортын кеңінен насихаттау сөз болды.
Аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес балаларға арналған спорт үйірмелерін көбейтіп, спортпен айналысатындар санын арттыру үшін өңірде кешенді жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Дәулет Тұрлыханов биылғы жыл күрес спорты бойынша республикалық және әлемдік деңгейдегі сайыстар саны артқанын атап өтті.
Сонымен қатар Қызылорда облысында ұйымдастырылып жатқан еркін, әйелдер және грек-рим күресінен ҚР чемпионаты үлкен сайыстардың алдында жастарға үлкен мүмкіндік екенін жеткізіп, күрес спортына жастарды көбірек баулу қажет екеніне тоқталды.Айта кету керек, чемпионат 16 сәуірге дейін жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!