Қазалы аудандық оқушылар үйінде жастар ресурстық орталығы, Қазалы аудандық білім бөлімі және «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Жаңа ғасыр – жаңа технология» атты аудандық робототехника фестивалі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Даурен Оңғарбайұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Жұмабекұлы қатысты.
Мақсат – оқушылардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оқушылардың инженерлік-техникалық есептерді іс жүзінде шеше білу және техникамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, техникалық модельдеуді насихаттау, оқушылардың робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бағытындағы үздік жобаларын анықтау, оқушылар мен педагогтардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, педагогтар мен оқушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау, әдістемелік қолдау көрсету.
Робототехника фестиваліне қатысқан 39 оқушы 4 бағытта: «робо-асық ату», «робо-қыз қуу», «робо-қазақша күрес», «робо-арқан тартыс» сайысқа түсті. «Робо-қыз қуу» бағытында І орын Сайфулла Рамазанға, ІІ орын Жолдасбай Дарынға, ал ІІІ орын Саламат Дауренге бұйырды. Сондай-ақ «Робо-асық ату» номинвциясымен І орын Руслан Диасқа, ІІ орын Садуақас Рүстемге, ІІІ орынды Ақберген Нұрасыл еншіледі. «Робо-қазақша күрес» бағыты бойынша І орын Сақтаған Ақарыс иеленсе, ІІ орын Болат Бекке, ІІІ орын Насыраддин Темірлан жеңіп алды. Сонымен бірге «Робо-арқан тартыс» номинациясы І орын Жәдігер Арманбекке, ІІ орын Бақытберген Ақберенге, ІІІ орын Ахмет Мергенге бұйырды.
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!