Фото: ТЖМ
Ұлдар мен жасөспірім ұлдар арасындағы XIII әлем чемпионатының және өрт-құтқару спортынан қыздар мен жасөспірім қыздар арасындағы IX әлем чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық қыздар мен ұлдар командасы «Жауынгерлік қанат жаю» жарысында чемпион атанды, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапаттау рәсіміне қоян-қолтық жекпе-жектен қазақ қыздары арасындағы алғашқы үш дүркін әлем чемпионы, аралас жекпе-жектің кәсіби күресшісі, кикбоксинг, тай боксы, ММА, панкратионнан Қазақстан Республикасының спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері Сора Бақтыбайқызы қатысты.
Ұлдар арасындағы жалпы командалық әлемдік есепте: бірінші орынды Ресей спортшылар құрамасы, екінші орынды Беларусь иеленді, Қазақстан спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Жалпы командалық есепте қыздар мен жасөспірім қыздар арасында құрмет тұғырын Ресей Федерациясының өкілдері, екінші орынды – Беларусь Республикасы, үшінші орынды – Қазақстан иеленді.
«2024 жылғы Чемпионат көптеген командалардың қабілеттерін ашты. Биыл көп елдердің жеңімпаз финалистері Алматыда өткен чемпионатқа қатысты. Бұл чемпионатта өрт-құтқару спортына қатысушы барлық елдер жеңімпаз-жүлдегер атанды.
«Оқу мұнарасының 2-ші және 3-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу» бағыты бойынша бірінші күні финалда Ресей, Беларусь және Қазақстан спортшылары, жарыстың екінші күні «Кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру» бағыты бойынша чемпионатқа қатысушы елдердің аясы кеңейді, яғни Ресей, Беларусь, Қазақстан, Словакия және басқа да елдердің барлық спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, құрметке ие болды.
«Бірақ соңғы күні командамыз керемет жетістікке қол жеткізді. Қазақстан – «Жауынгерлік қанат жаюдың» патшасы!» – деп жарыстың бас хатшысы Николай Щелин атап өтті.
Жалпы жарыс қатысушылары оңтүстік астананы ұнатқанын, ал өздері жағымды эмоциялар мен одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибе алғанын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!