Фото: Olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада ойындарында Рыбакина жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді. Спортшының олимпиададан бас тартуына сырқаты себеп болған.

«Қазір Елена өткір бронхитпен ауырып жүр, дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарыстарға ұшып барып-келуге үзілді-кесілді тыйым салды», – делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.

Олимпиададағы теннис жарыстары 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді. Жекелей сында Рыбакинаның орнына австралиялық Дарья Савилл шығады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!