Дастан Сәтпаев әлемдегі ең үздік жас футболшылардың қатарына енді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sports.ru басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық ойыншы 18 жасқа дейінгі әлемнің үздік 25 футболшысы тізіміне кіріп, рейтингте 16–22 орын аралығында орналасты. Ресейлік спорт сарапшылары Сәтпаевты «өзге футбол дәуірінің өкілі» деп бағалаған.

Мамандардың пікірінше, Дастан Сәтпаев бірнеше маңызды қасиетті бойына тоғыстырған әмбебап футболшы. Ол допты өз айып алаңынан қарсыластың айып алаңына дейін алып шығуға, дриблинг жасауға, 35 метр қашықтықтан соққы жасауға және доп үшін соңына дейін күресуге қабілетті.

Sports.ru порталы Сәтпаевты нағыз көше футболының өкілі ретінде сипаттайды.

«Сәтпаев өзге футбол дәуірінің өкілі. Дастан Сәтпаев бір бойына бәрін сыйдырған ойыншы. Ол өз айып алаңынан қарсылас қақпасына дейін допты алып шығу, қарсыласты алдап өту, 35 метр қашықтықтан соққы жасау, доп үшін аянбай арпалысу сынды істерді атқара алады. Сәтпаев жәй ғана рөл атқаратын емес, нағыз ойнай алатын көше футболшысы. Сондықтан да алаңда қолынан келгеннің бәрін жасайды. Футболдың біздің дәуіріміздегі батырлық елшісі іспетті. Әрине, жасы кіші ойыншыларға тән әлі де шикі тұстары бар. Кей сәтте бір қарқында тым көп әрекет жасайды. Алайда ол өз алдына дербес қалыптасқан талант. Сатпаев позиция мен ойын жүйесіне көп тәуелді емес футболшыдай әсер қалдырады. Оның соққысы әрдайым қауіп төндіреді. Ал қауіпті аймақтарға өз күшімен жетуді жақсы меңгерген”, – делінген жазбада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!