Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубының төрағасы болып тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министр бұл тағайындау жоғары жетістіктерге ұмтылатын армия спортшылары үшін тамаша мүмкіндік екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Руслан Жақсылықов Алматыдағы Әскер үйінде болды. Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова басқаратын аты аңызға айналған Панфилов дивизиясына арналған мұражайда құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Ольга Шишигина – қазақстандық спортшы, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері.
Бір жыл бұрын ол 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жабық кешендегі әлем чемпионы атанды.
Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.
Сонымен қатар ҰҚК шекара қызметінде спорт нұсқаушысы қызметін атқарды. Подполковник шені бар.
2013 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Дарын» ордендерімен марапатталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!