22 ақпан – Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарының соңғы жарыс күні. Бүгін Қазақстан құрамасының екі спортшысы бақ сынайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шаңғы жарысынан әйелдер арасында 50 шақырымдық масс-старт өтеді. Жарысқа Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысады.

Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.

Барлық жарысты тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар телеарналарынан тамашалауға болады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!