Фото: celsopupo/depositphotos.com

Мsports.kz. Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын қытайлық Чжэн Хаохао небәрі 11 жаста ғана. Ол осы жарыста бақ сынайтын ең жас спортшы атанып отыр. 

11 жастағы Чжэн Хаохао скейтборд спортынан қатысады. Ал Олимпиадаға қатысатын ең егде жастағы спортшы – Хуан Антонио Хименес Кобо. Ат спортынан жүлдеге таласатын испандық – 65 жаста.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары бүгін ресми түрде ашылады. Қазақстаннан Олимпиадаға 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!