Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Р.Рүстемовтың 22.06.22 ж. №03-10/61 Бұйрығына сәйкес Қасымбеков Берік Есімханұлы Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының «№1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ директоры қызметіне тағайындалды.

Қасымбеков Берік Есімханұлы 1985 жылы 24 шілдеде Қызылорда қаласы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары аралығында ОҚО Түркістан қаласында Халықаралық қазақ – түрік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірді.2011-2013 жылдары аралығында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

2004-2011 жылдары аралығында қараша айынан бастап Түгіскен балалар- жасөспірімдер орта мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 2010 жылы қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді.2011 жылы қараша айынан бастап №1ООРМБЖМ – нің қазақ күресінен жаттықтырушы болып жұмысқа қабылданды. 2012 жылы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» біліктілік санатын алды. 2013 жылы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» біліктілік санатын алды.

2018 жылы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы» біліктілік санатын алды. 2015-2021 жылдар аралығында Қызылорда қаласының «Қазақ күрес федерациясының» атқарушы директоры болып қызмет атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!