Фото: orda.kz
Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды, деп хабарлайды Kazinform.
66 келдіде әйелдер боксынан Алжир боксшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында Қытай боксшысы Янг Луиді төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, чемпион атанды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Иман Хелифтің жекпе-жектері әлемдік БАҚ-та қызу талқыға түсті. Оны «трансгендер» болуы мүмкін екендігі туралы жазғандар қарасы өте көп болды. Тіпті, онымен бірінші айналымда сынға түскен Италия өкілі Анжела Карини алғашқы раундта-ақ кездесуді тоқтатып, ер адаммен жұдырықтаспайтынын айтқаны жанкүйерлер есінде. Бірақ, ол қаншама кедергілерге қарамастан Париж Олимпиада ойындарының чемпионы атағына қол жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!