фото: aikyn.kz

Алматылық клубтың ойыншысы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда «Спортингке» қарсы ойында (1:4) пенальтиді қайтарды. Бұл матч жас қақпашының кәсіби деңгейдегі небәрі екінші ойыны болды.

Испаниялық сарапшы әрі Marca журналының журналисі Давид Руис «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны Ла Лига клубтары бақылап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық клубтың ойыншысы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда «Спортингке» қарсы ойында (1:4) пенальтиді қайтарды. Бұл матч жас қақпашының кәсіби деңгейдегі небәрі екінші ойыны болды.

«Скауттар «Қайрат» футболшыларын «Селтикке» дейінгі матчтарда да бақылағанына сенімдімін. Бірақ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі – мүлде басқа деңгей. Сондықтан осындай ойынынан кейін Шерханды Еуропаның үздік чемпионаттарында, соның ішінде Ла Лига да бақылап жүр деп ойлаймын. Ол тамаша дарынды қақпашы әрі небәрі 18 жаста», – деді ол ASnews.kz-ке берген сұхбатында.

Transfermarkt дерегінше, Қалмұрзаның нарықтағы құны 200 мың еуроға бағаланады.

Бұған дейін Шерхан Қалмұрзаның есімі Чемпиондар лигасындағы ойынынан кейін «әдемі әрі қымбат» блокнотқа жазылып қойылғаны хабарланған. Сондай-ақ «Қайраттың» жас қақпашысы ЧЧ күнінің басты кейіпкері атанған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!