Фото ©️ olympic.kz

Кеше бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. Осы орайда, ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жеребе тарту рәсіміне қатысты шағын пікірін айтты, деп жазады Olympic.kz.

Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Бір бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз, – деді бас бапкер. 

Бірнеше боксшымыз бірінші айналымнан сүрінбей өтер болса, өз салмақтарындағы әлем үздіктерімен кездесуі мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасындағы бокс жеребесі төмендегідей тартылды: 

51 кило: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 кило: Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания)
63,5 кило: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 кило: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 кило: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 кило: Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 кило:  Қамшыбек Қоңқабаев –  Гадфа Дрисси (Испания)

Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады. Оның бірінші кездесуі 27 шілдеге жоспарланған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!