Дене шынықтыру – сау болудың негізі ғана емес, ақыл-ой мен қандай да бір қиындыққа эмоционалды дайын болу. Сау болу сіздің жалпы өмір салтыңыздың бөлігіне айналса құба құп. Жалпы алғанда, саламатты өмір салтын ұстану созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Өзіңізді жақсы сезіну және денсаулығыңызға қамқорлық жасау сіздің өз-өзіңізді бағалауыңыз үшін маңызды.

Қарым-қатынастың күші

Кейбір зерттеулер оптимизм мен пессимизм сияқты жеке қасиеттер денсаулық пен әл-ауқатқа әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Әдетте оптимизмнің бір бөлшегі – жағымды ойлау стрессті тиімді басқарады. Оң көзқарас сіздің энергияңызды арттырады, басқаларды шабыттандырады және қиындықтарға төтеп бере алады. Позитивті ойлау өміріңізді ұзартып, күйзеліс деңгейін төмендетеді, психологиялық және физикалық әл-ауқатты жақсартады, сондай-ақ қиындықтар мен стрессті жеңіп шығады. Демек стрессті тиімді басқару денсаулыққа пайдалы.

Психикалық позитив

Позитивті адамдармен бірге жүріңіз. Қолдау білдіретін және жеңіске жігерлендіретін адамдармен уақытты бірге өткізіңіз. Есіңізде болсын, егер сіз батып бара жатқан құрбанға тым жақын болсаңыз, ол сізді өзімен бірге алып кетуі мүмкін.

Өзіңіз позитивті болыңыз. Егер айналаңызға жағымсыз адамдар жиналмасын десеңіз, өз ойыңызды меңгеруге үйреніңіз. Жағымсыз ойды басқарудың мынадай тәсілдері бар:

* Ең жақсы нәтижені күтіңіз.

* Тепе-теңдікті сақтаңыз. Барлығын шектен тыс фантастикалық немесе апат деп қарастырмаңыз. Бұл сізге жоғары және төмен деңгейлерді азайтуға көмектеседі.

* Теріс ойлауға саналы түрде қарсы тұрыңыз. Бұл сіздің мінез-құлқыңызды өзгертуге көмектеседі.

* Өзіңізге жақсы болыңыз. Өкінішке қарай, кейбір адамдар өзін қатты тілдейді, өзіне ауыр сөз айтады. Егер сіз өзіңізді жеткілікті ұзақ сынасаңыз, оған сене бастайсыз, бұл негатив уақыт өте келе сізді күйретуі мүмкін. Сыншыны жұмыстан шығарып, қорғаушыны жалдайтын кез келген шығар.

* Шынайы, қолыңыз жететін  мақсаттар қойыңыз. Жоспардың жоғары болуының еш жаман жері жоқ, егер сіз өз мақсатыңызға жете алмағаныңыз үшін өзіңізге ұрыспасаңыз. Ең бастысы, нақты мақсаттар қою арқылы сенімділікті арттыру керек.

* Өмір дегеніміз – ең маңызды нәрселерге басымдық беру және күш-жігерді жұмылдыру. Күн сайынғы ұсақ-түйек нәрселер кедергі келтірмеу керек. Кішкентай мәселелерді шешуге немесе оларды елемеуге үйреніп, үлкен іске қадам басатын кез келді.

* Қиындықты мүмкіндікке айналдырыңыз. Мұны былай түсінуге болады: қабырғаны төпелеуден гөрі оның үстімен көтерілген дұрыс немесе айналып өтіңіз.

* Әр күніңізге алғыс айтыңыз. Сіздің өміріңіздегі ерекше нәрселер үшін ризашылық білдіріп, алғыс айтыңыз. Кейбіреулер мұны дастарқан басында рахмет айту, жазбаша журнал жүргізу немесе Facebook-та күн сайын бір ерекше зат орналастыру арқылы жасайды. Есіңізде болсын, өмірдегі ең үлкен дүние-мүлік материалдық емес. Жаңа жады жасау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Жаттығу және тамақтану

Дене жаттығуларын жеңіл түрден бастаған абзалырақ. Бастапқыда ағзаны үйрету, жаттығу барысында дұрыс дем алу, дұрыс тамақтану осының барлығы саламатты өмір салтын дұрыс ұстануға үйретеді. Кешенді дене шынықтыру жаттығулары төртке бөлінеді:

* Аэробты жаттығу

* Икемділік жаттығуы

* Күш жаттығулары

* Баланс жаттығуы

Аэробты жаттығу – жүрек соғу жылдамдығын, бұлшықеттердің жұмысын, тыныс алу жылдамдығын арттырады. Көптеген адамдар аптасына 3-5 күн 30 минуттай өзіне, спортпен айналысып, мақсатты түрде белсенді өмір сүреді. Егер сіз белсенді болғыңыз келсе, күніне 5-10 минуттан бастап немесе бір күндік белсенділікті, әр тамақтанудан кейін 10 минуттық серуеннен бастап көріңіз. Міне, аэробты жаттығудың бірнеше мысалдары:

* Жылдам серуендеңіз

* Төмен әсерлі аэробика сабағына барыңыз

* Жүзу немесе суда аэробты жаттығулар жасаңыз

* Үй ішіндегі стационарлық велосипед пайдаланып көріңіз

Созылу деп аталатын икемділік жаттығулары буындарыңызды икемді ұстауға көмектеседі және басқа әрекеттер кезінде жарақат алу мүмкіндігін азайтады. 5-10 минутқа дейін жұмсақ созылу денеңіздің жылынуына және серуендеу немесе жүзу сияқты аэробты жаттығуларға дайын болуға көмектеседі. Үйде икемділікке арналған жаттығулар түрі өте көп, мысалы, басты оңға, солға иіюден бастап, бәшпайға дейін созылу жаттығуларын орындауға болады.

Күш жаттығулары бұлшықеттерді күшейтіп, жарақатқа төзімді етеді. Бұл сізге үнемі жаттығулар жасау арқылы жұмсаған күшіңізді қалпына келтіруге көмектеседі.

Баланс жаттығуы – бұл тепе-теңдік жүйесін сақтау үшін өте маңызды. Егер сізде буындардағы ауырсыну, әлсіздік немесе бас айналу сияқты проблемалар туындаса, тепе-теңдік жаттығулары қалыпты жағдайға келуге, қаттылық немесе тұрақсыздық сезімін жеңуге көмектеседі. Баланс, әсіресе, үлкен жастағы адамдар үшін өте маңызды.

Тамақтану – көкөніс, жеміс, жаңғақ, тұтас дәнді дақылдар, пайдалы май және омега-3 май қышқылдары сияқты пайдалы тағамдар, ет, қант қосылған тәтті тағамдарды есептегенде пайдалы диеталық сусындар және натрий. Тамақтан бас тартпаңыз. Бұл тамақ ішкенде мөлшерден артық жегізеді.

Ұйқы – өмірдің маңызды бөлігі. Ұйқы адам денсаулығын үлкен проблемалардан қорғайды. Бұл біздің ақыл-ойымыз бен физикалық жұмыс күшіміз үшін керек.

Тұрақты жаттығулар режимін сақтаңыз. Өзіңізді жаттығу залына баруға мәжбүрлеудің қажеті жоқ, бірақ мүмкіндігінше белсенді болу керек. Еден жуудан бастап үй шаруашылығының барлық түрі де жаттығу бола алады. Ең маңыздысы, жаттығуды жалғастыру. Аптасына кем дегенде үш не бес рет жаттығуға жиырма-отыз минут арнаңыз. Күн тәртібін ұстаныңыз. Өмірдің күйзелісі мен талаптарын қабылдамау үшін анда-санда сүйікті іспен айналысуға үзіліс жасаңыз.

Жанар АЙТМҰРАТ,

Қызылорда қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!