«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Шахмұрат Мүтәліп қол қойды.
Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған.
Шахмұрат Мүтәліп клубты дамыту ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты.
«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлер қолдайтын клуб. Алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
