Қазақстан құрамасының капитаны, «Ордабасы» көшбасшыларының бірі Асхат Тағыберген шымкенттік клубта айына 20 миллион теңге алады. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол клуб басшылығының ойнай алмайтын футболшылардың өзіне 15-20 миллион теңге төлеп отырғанын жеткізді.

«Футболшылардың орташа жалақысы – 15 миллион теңге. Келісімшарт 2 жылға жасалды, олар Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағында тіркелген. Олармен келісімшартты бұзсақ, айыппұлды толық төлеуге тура келеді. Асхат Тағыберген енді ойнай алмайды, кеткісі де келмейді. Ашығын айтамын, жалақы 20 миллион теңге. Мен бұл жағдайға қатысты ештеңе істей алмаймын»,—деді әкім.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген 2023 жылы «Ордабасыға» ауысып, бірден негізгі ойыншыға айналған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!