Орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кіші Крис Юбенктің мәлімдемесіне күмән келтірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Британдық Крис Юбенк орта салмақта өзінің отандасы Лиам Смитті нокаутпен жеңіп, Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлімханұлы, бұл ұсыныстың өзіне тасталмағынына «Британдық менен қорқады» деп жазба жариялады. Оның пікірінше қазіргі уақытта «QAZAQ STYLE» GGG-ге қарағанда қарсыластар үшін қауіпті.
«Неге оған Головкин керек? Неліктен ол менің атымды атамайтынын білесіз бе? Өйткені мен түнгі қорқынышпын. Орташа салмақта бір ғана патша бар! Және бұл мен! Юбенк-оңай жұмыс», – деп жазды Әлімханұлы Твиттерде.
Естеріңізге сала кетейік, Юбенк Головкинді жиі жекпе-жекке шақырады. Бірақ сөздің арты іске ұласпады. Боксшылар 2016 жылы кездескенімен, маңызды келіссөздерге келгенде Британдық келісімшартқа қол қоюдан бас тартқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!