Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы 

KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Grand Prix жарысының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында J2 санаты 81 келі салмақ финалында, Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлы Британдық Еван Молойға есе жіберіп, күміс еншіледі.

Парадзюдо
Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы 

Сонымен қатар, J1 санатында 70 келі салмақта қазақстандық қос спортшы Темірболат Ташкенов және Асылан Нұрдәулетов қола медаль үшін белдесіп, қортындысында Нұрдәулетовтың мерейі үстем болды.

J1 санаты 81 келі салмақта Бауржан Арстанбеков отандасы Ерболат Бекентаевты жеңіп, қола медалға ие болды.

Парадзюдо
Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы 

J1 санатының 64 келі салмағында татамиге шыққан Айдын Мүтәліп күміс медальды қанағат тұтты.

Әйелдер арасында, Айназ Құралова (J1 — 46 келі) мен Альфия Тілекқабыл (J1 — 52 келі) күміс жүлде жеңіп алды.

Парадзюдо
Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы 

Бұған дейін пара дзюдодан Grand Prix жарысы ресми басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, олар 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!