Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын, бір қола медаль иеленген спортшы Ербол Хамитов жалпы сомасы 160 млн теңге сыйақы алатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, ол алтын медалі үшін мемлекеттен 250 мың доллар, яғни, 122 млн теңге және қолда жүлдесі үшін 75 мың доллар, яки 36 млн теңге сыйақы алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
