Фото: Olympic.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Эльмир Әлімжанов 1/8 финалға жолдама алды, – деп хабарлады Қазақпарат.

Отандасымыз 1/16 финалда Луиджи Миддлтонды жарыс жолынан шығарды. Қорытынды есеп – 15:14.
Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Құрбанов 1/8 финалға шыққан еді. Ол Токио Олимпиадасының чемпионы Ромен Каменмен кездеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!