Фото: olympics.com

26 шілде күні Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан спортшылары 25 спорт түрінен 80 жолдама жеңіп алған.

Жекелеген спорт түрлері бойынша боксшылар ең көп жолдама иеленген. Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы, жалпы 10 боксшы жұдырықтасады.

Қазақстанның татами шеберлері де Францияда бақ сынап көреді. Онда ерлер 5 салмақ бойынша, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз (7 спортшы) тұр.

Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлетеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады.

Толық мәлімет мына кестеде: 

Спорт түрлеріСпортшылар саныЛицензиялар саны
1.БоксЕрлер77
Әйелдер33
2.ДзюдоЕрлер      55
Әйелдер33
Микс команда1
3.Спортттық гимнастика28
4.Жеңіл атлетика78
5.Байдарка мен каноэде есу66
6.Оқпен ату66
7.Семсерлесу55
8.Грек-рим күресі44
9.Еркін күрес44
10.Садақ ату34
11.Стендтік ату33
12.Теннис55
13.Велошоссе23
14.Жүзу23
15.Заманауи бессайыс22
16.Таеквондо22
17.Велотрек12
18.Батут гимнастикасы11
19.Бадминтон11
20.Академиялық есу11
21.Көркем гимнастика11
22.Триатлон11
23.Үстел теннисі11
24.Құзға шығу11
25.Брейкинг11
БАРЛЫҒЫ:8092

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!