Фото: Olympic.kz
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Руслан Құрбанов 1/16 финалға шықты, – деп хабарлады Қазақпарат.
Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп жатқан спортшы Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде марокколық Хуссам Элкордтан басым түсті. Қорытынды есеп – 15:13.
Оның ендігі қарсыласы – Олимпиада чемпионы, франциялық спортшы Ромен Каннон.
Айта кетелік, Олимпиаданың 1/16 айналымында Эльмир Алимжанов та сынға түседі.
Бұған дейін шпагамен семсерлесуден сынға түскен Вадим Шарлаимов қарсыласына есе жібергенін жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!