Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлер

51 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Сәкен Бибосынов – Самет Гумуш (2024 жылғы Еуропа чемпионы) 

Ширек финалда Рио Олимпиадасының  чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін. 

57 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Махмұд Сабырхан – Хосе Гуелес Бротонс (2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері) 

Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін. 

63,5 келі. 22 қатысушы 

1/16 финал

Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибарче 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

71 келі. 20 қатысушы

1/16 финал

Асланбек Шымбергенов – Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады. 

80 келі. 18 қатысушы 

1/8 финал 

Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс

92 келі. 16 қатысушы

1/8 финал

Айбек Оралбай – Олейтен Олаор 

Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін. 

+92 келі. 16 қатысушы 

1/8 финал

Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) 


Әйелдер

50 келі. 22 боксшы

1/16 финал

Назым Қызайбай – Джиордана Соррентино (2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді. 

57 келі. 22 боксшы 

1/8 финал

Карина Ибрагимова – Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико) 

75 келі. 16 боксшы 

1/8 финал

Валентина Хальзова – Азейна Билон (2015 жылғы әлем чемпионы).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!