Фото: бейнеден кадр
Франция мен Аргентина футболшылары олимпиада турнирінің ширек финалдық матчынан кейін төбелес шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РБК Спортқасілтеме жасап.
Кездесі нәтижесінде Франция 1-0 есебімен жеңді. Ойын екі елдің футболшылары арасындағы шиеленісті қарым-қатынас аясында өтті. Оған оңтүстікамерикалық ойыншылардың Килиан Мбаппе мен африкалық тегі бар басқа ойыншыларға қарсы нәсілшіл айқайлары себеп болды. Соңғы ысқырықтан кейін қара нәсілді француз жартылай қорғаушысы Энцо Миело Аргетнина құрамасының жаттықтырушылары орындығының алдында жеңісін тойлай бастады. Ал оның бірқатар серіктестері Оңтүстік Американың жанкүйерлерімен бірге трибуналардың алдында жеңістері шаттанып жүрді.
Кейін аргентиналық футболшылар қарсыластарына жүгіріп барып, төбелес басталып кетті. Сонымен бірге, матч барысында француздар қарсыластарына бірнеше рет агрессивті әрекет көрсетті.
«Мен қатты ашуландым. Егер олар тойлағысы келсе, бізге келсін, біз бұл мәселені шешеміз. Біз сөйлесуіміз керек барлық нәрсе туралы сөйлесетін боламыз», – деді Аргентина капитаны Никлас Отамедни.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!