Фото: Sportbox

Мұндай жағдай ойын алдында алғаш тіркеліп отыр. Жалпы, Францияда Олимпиада қарсаңында коронавирус ауруының өршуі байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен коронавирусты тұмау сияқты басқа инфекциялар тәрізді емдейтінімізді атап өтуім керек. Бұл Токио емес», – деді Австралия олимпиада құрамасы делегациясының жетекшісі Анна Мирс баспасөз мәслихатында.

Ол су полосы құрамасының қалған спортшылары маска киіп, әлеуметтік қашықтық ұстанатынын және олардың барлық жақын байланыстары тексерілгенін атап өтті.

Франция үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) елде Covid-19 жағдайының таралуын орташа деп бағалап отыр. 

«Үлкен қауіп жоқ. Әрине, коронавирус бар. Біз [сырқаттанушылықтың] шамалы өсуін көріп отырмыз. Бірақ жағдай 2020, 2021, 2022 жылдары көргенімізден анағұрлым жақсы», – деді Францияның Денсаулық сақтау министрі Фредерик Валлету.

Маска киюдің қажеті жоқ, деп қосты ол, өйткені жұқтырғандар саны әлі де аз.

Айта кетейік, Париж олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!