Пауэрлифтинг – күш сынға түсетін спорт түрі. Аталған спорт түрінен білекті, мықты спортшыны анықтау мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы және “Orda Gym” фитнес клубымен бірлесе отырып, қалалық ашық турнир өтті.

Жарыс тек мықты жастардың арасында болғандықтан спортшылар барын салды. Дегенмен мұндай сайыста бабы келген епті мен білектілер ғана жеңері анық. Сондықтан жарысқа қатысушылардың жан-жақты дайындықпен келгені көрінді.

Расында, соңғы кездері өңірімізде пауерлифтингтің жоғары дейгейде дамып келе жатқаны анық байқалады. Мұны фитнес клубтар мен жаттығу залдарына келген жастар легі дәлел бола алады.

Турнирге қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша 50 спортшы сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшыларға арнайы дипломдар мен медаль табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!