Алматы қаласында бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жалауы желбіреді.
Республикамыздың әр өңірінен жиналған дарынды жастар 46 келі, 49 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 64 келі, 69 келі, 75 келі, 81 келі, 91 келі және +91 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделерді сарапқа салады. Аталмыш жарысты Қазақстан бокс федерациясы ұйымдастыруда.
Алматыдағы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғайды. Атап айтсақ, 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельц қаласында өтетін әлем біріншілігінде жарыс жеңімпаздары өнер көрсетеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!