фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы ойын Алматыда өтіп, «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» 5:0 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Есепті 17 жастағы Дастан Сәтпаев ашты — бұл оның маусымдағы 12-ші голы. Сондай-ақ Жоржиньо дубль авторы атанды, ал Эдмилсон мен Азамат Тұяқбаев та бір-бір голдан соқты.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» пен «Астана» арасындағы айырмашылық екі ұпайды құрайды. Екі командаға да маусым соңына дейін екі матчтан қалды.
Маусымның шешуші ойыны — 26 қазан күні Алматыда өтетін «Қайрат» – «Астана» кездесуі болмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!