SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский алматылық клубтың «Реалға» қарсы ойынын (0:5) бағалап, командаға алдағы ойындарда да мүмкіндік бар екенін айтты.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі матчтарда сәттілікке жету мүмкіндігі бар. «Реалға» жол бергенімен, команда үлкен тәжірибе жинады. Бұл ойын футболшылардың прогрессіне әсер етеді. «Интермен» де, «Арсеналмен» де кездесулер ауыр болады, бірақ «Қайраттың» өз мүмкіндігі бар», — деді Крачковский.
Қазіргі таңда қазақстандық клуб турнирлік кестеде соңғы — 36-орында тұр. Екі тур қорытындысы бойынша команда бірде-бір ұпай жинай алмай, 1 гол соғып, 9 гол жіберіп алған.
21 қазан күні «Қайрат» Чемпиондар лигасының 3-турында өз алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі. Кездесу жергілікті уақытпен 21:45-те басталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!