Фото: instagram.com/f.c.kairat

Александр Кержаков «Қайраттан» кетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.

Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз! – делінген мәліметте.

Кержаков «Қайратты» мамыр айының соңында басқарды. Оның жетекшілігімен алматылық ұжым 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!