фото: Aikyn.kz

24 қаңтарға қараған түні «Қайрат» футбол клубының ойыншылары «Арсеналға» қарсы өтетін матч алдында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осылайша алматылық «Қайра»т өз әлеуметтік желілерінде Лондонның Арсенал командасымен Чемпиондар лигасы аясында өтетін алдағы ойынды анонс етті.

«Еурокубоктағы ертегімізді футболдың отанында аяқтаймыз», – деп жазды олар матчтың афишасына.

Қарсыластар 28-інен 29 қаңтарға қараған түні Лондонда кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Бұл матчқа алаң иелері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі абсолютті көшбасшы ретінде келеді. Себебі «Арсенал» жеті ойында 21 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» керісінше, турнирлік кестеде соңғы 36-орында тұр.

«Арсеналмен тең нәтижеге келісіп алыңыздар. Әлем жарылып кетеді», – деп әзілдеді жанкүйерлер пікір жазған кезде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!