Алматылық «Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен қоштасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

32 жастағы футболшы 2024 жылы клубқа қосылған және командамен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған.

2025 жылы Элдер Ақтөбеге қарсы өткен Суперкубок матчында сәтті пас беріп, матчтың үздік ойыншысы атанып үлгерді.

«Элдерге клубқа қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз және оның алдағы мансабында сәттілік пен жаңа табыс тілейміз», – делінген «Қайрат» клубының баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Элдер Сантана «Қайрат» сапында жалпы 31 матч өткізген, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Сондай-ақ маусым аяқталғаннан кейін «Қайрат» бірқатар футболшыларымен қоштасты:
    •    Жоао Пауло – бразилиялық шабуылшы, ҚПЛ-2025 маусымы аяқталған соң клубтан кетті.
    •    Александр Заруцкий – қақпашы, желтоқсан айында командадан кетіа, мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруда.

Қазіргі таңда «Қайрат» тек бір футболшымен жаңа келісімшартқа қол қойған. Қорғаушы Дамир Қасаболатпен келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін ұзартты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!