Фото: fckairat.com

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, қазір клуб бас бапкер лауазымына жаңа кандидат іздеп жатыр. «Атырауға» қарсы өтетін келесі матчқа команданы қосалқы құрамдағы бапкерлердің бірі дайындайды.

Айта кетейік, Кирилл Кекер 2022 жылдан бері «Қайрат» командасының бас бапкері қызметін атқарды.

Алматылық клуб 27 сәуірде Қазақстан Премьер лигасының алтыншы туры аясында өткен ойында «Қайсардан» 1:0 есебімен жеңіліп қалған еді. Келесі кезеңде «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. Қазір алматылық команда 8 ұпаймен турнир кестесінде 7-орында тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!