фото: ҚФФ
42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz жазды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Кеше «Қайрат» қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты. Команда Қазақстан кубогынан шығып қалды, сондай-ақ «Елімай» (0:1) мен «Оқжетпестен» (1:2) жеңілді. Сондықтан клуб басшылығы Рафаэль Уразбахтиннің орнына Қайрат Нұрдәулетовті қарастырып жатыр.
Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов — алматылық футбол мектебінің түлегі, өзі де кезінде «Қайрат» сапында ойнап, командамен бірге Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Бапкерлік мансабын ол Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында бастаған. Кейін футбол федерациясында құрамалар департаментінің директоры болып жұмыс істеді, Қазақстан жастар құрамасы (U-21), сондай-ақ «Мақтаарал», «Жетісу» және «Ертіс» командаларына басшылық еткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!