«Қайрат» «Олимпиакос» және «Брюггемен» Астанада ойнайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Қайрат» ФК УЕФА-мен бірлесіп, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтерін «Астана Арена» стадионына көшіреміз деп шешті.
«Алматыдағы Орталық стадиондағы төмен температура, шатыр жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызады. Көрерменге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді», – деп жазылған хабарламада.
Билет бағасы 15 000-50 000 теңге аралығында болады. Билеттер 28 қарашадан бастап сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
