21 тамызға қараған түні алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші матчін өткізеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу Глазго қаласында өтеді. Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қарымта матч 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!