Sputnik. «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға ректорлық грант табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде Қалмырза Қазақ спорт және туризм академиясында ақылы негізде оқып жүр. Бүгін министрдің өзі оған ректорлық грантты табыстады. Осыдан кейін танымал болған қақпашыға оқу ақысын төлеудің қажеті жоқ.
Бұған дейін алматылық кәсіпкер «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына көлік мінгізген болатын.
Ал клубтың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин ойыншыларды бұлай бөліп-жарудың қажеті жоқ деп мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!