5 қараша күні Миландағы атақты «Сан-Сиро» стадионында өткен Чемпиондар лигасының төртінші турындағы «Интер» – «Қайрат» кездесуінде алматылық клуб 1:2 есебімен жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дегенмен қақпашы Темірлан Анарбековтің сенімді ойыны жанкүйерлер назарынан тыс қалмады.

SofaScore платформасы матчтың үздік ойыншысын анықтап, «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековті команда құрамындағы ең жоғары балл иесі деп таныды. Ол бірнеше маңызды сейв жасап, 7,9 ұпаймен топ жарды.

Ал алматылық командадағы ең төмен баға бразилиялық шабуылшы Эдмилсонға бұйырды. Оның көрсеткіші 5,9 ұпай болды.

Матчтың жалпы үздік ойыншысы ретінде «Интер» қорғаушысы Карлос Аугусто танылды. Ол 8,3 ұпай жинап, жеңіс голын соқты.

Бұл жеңістен кейін «Интер» 12 ұпаймен турнирлік кестенің көшін бастады, ал «Қайрат» 1 ұпаймен соңғы орында қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!