Freedom Ticketon сервисі Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчына билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де (Қазақстан уақытымен) сатылымға шығады. Оларды Qairat SuperApp, «Қайрат» клубының ресми сайты, Ticketon және Freedom платформалары арқылы сатып алуға болады.

«Қайрат» – «Реал» матчының билет бағалары:

Батыс трибуна:

  • 30 000 теңге — 1-9 секторлар, 1-2 қатарлар
  • 250 000 теңге — 1-17 секторлар (VIP орындар)

Шығыс трибуна:

  • 150 000 теңге — 30-48 секторлар

Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы трибуналар):

  • 75 000 теңге — 18-28 секторлар және 49-60 секторлар

«Қайрат» – «Реал» ойыны 30 қыркүйек, сейсенбі күні өтеді. Басталуы Қазақстан уақыты бойынша – сағат 21:45.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!