Осы матчтың өзінен «Қайрат» өте қомақты қаржыға кенелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Чемпиондар лигасының үшінші тур ойыны Алматының Орталық стадионында өтті. Кездесуде 90 минут бойы есеп ашылмаса да, «Қайрат» турнирлік кестедегі алғашқы ұпайына ие болды. Осы тең ойыны үшін алматылық ұжым 700 мың еуро (шамамен 438 миллион теңге) сыйақы алады. Егерәки кипрлік клубты жеңіп кеткенде, аталған сома 2,1 миллион еуроға (шамамен 1,3 миллиард теңге) дейін көтерілетін. 

Еске салайық, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алғанына «сары-қаралар» 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге) көлемінде кепілдендірілген табыспен қамтамасыз етілген.

Алматыдағы матчта «Қайратта» мүмкіндік өте көп болды. Мұны бас бапкер де мойындады. 

Негізінен, ойынның тең аяқталуына қақпашы Темірлан Анарбековтың еңбегі ерекше сіңді. Ол бірнеше рет қауіпті соққыны қайтарып, командасын голдан құтқарып қалды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!